Бас парақша

                       

                                            Құрметті  сайт  қолданушылары!

Баянауыл аудандық мәслихатының Ресми сайтына қош келдіңіздер! 

Мемлекеттiк билiктiң бiрден-бiр бастауы – халық. Мәслихат – халық сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды белгілеп, олардың жүзеге асырылуын қадағалайтын жергілікті өкілетті орган.

Осы орайда Баянауыл аудандық мәслихатының сайты биліктің өкілді органдарының қызметі туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді деп сенемін.

Сайт халықты барынша толық ақпараттандыру және депутаттармен интерактивті сұхбаттасуы үшін құрылып отыр.

Біздің сайтта жергілікті өкілетті органдардың құзыретімен, депутаттар қабылдаған нормативтік құқықтық актілермен таныса аласыздар. Сайт беттерінен тапқан ақпараттар Баянауыл аудандық мәслихатының депутаттық корпусы атқарып жатқан жұмыстармен жақын танысуға көмектесетініне сенімдімін.

Сіз тек аудандық мәслихатта болып жатқан оқиғалардан хабардар болып қана қоймай, сонымен қатар өз пікіріңізді, өзіңізді толғандыратын мәселе бойынша ұсынысты жеткізе аласыз, депутаттардың қызметіне баға беріп, сауал қоя аласыз.

Сіздердің пікірлеріңіз қоғамдық пікірді қалыптастырады, сондықтан депутат жұмысының басымдылығын анықтауда біз үшін Сіздердің ескертулеріңіз бен тілектеріңіз өте маңызды. Сіздердің ықтиярларыңызды білдіре отыра, біз Сіздер үшін еңбек етуге дайынбыз.

Біздің сайтқа қош келіпсіздер!

Құрметпен, Баянауыл аудандық мәслихатының хатшысы

Қасен Темірболат Мүбәракұлы