Баянауыл аудандық мәслихатының кезектен тыс сессиясы
Бүгін, 2022 жылғы 31 қаңтарында Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес VІІ сайланған Баянауыл аудандық мәслихатының кезектен тыс ХІІ сессиясында «Баянауыл ауданының әкімі лауазымына кандидатураны келісу туралы» мәселе бойынша Павлодар облысы әкімі Әбілқайыр Бақтыбайұлы Сқақовтың ұсынысы
негізінде, Баянауыл ауданының әкімі лауазымына Серік Барлыбайұлы Батырғожиновтың тағайындалуы Баянауыл аудандық мәслихатының шешіміне сәйкес, аудандық мәслихатының депутаттарымен келісілді.